
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» 2024 жылғы 18-19 наурызында жыл сайын ұйымдастырылатын 10+ және 14 + жас санаттары бойынша «Бағдарламалау», «3D модельдеу» және «Робототехника» біліктіліктері бойынша 5-11 сынып оқушылары арасында «Skills for geeks» чемпионатын өткізді.
Жыл сайын Чемпионат шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, нақты кәсіби жағдайларда міндеттерді практикалық шешу дағдыларын игеру мақсатында өткізіледі. Чемпионаттың облыстық кезеңіне қатысушыларды анықтау үшін 13-28 ақпан аралығында облыстың барлық аудандары мен қалаларында іріктеу турлары өткізілді. Іріктеу кезеңіне барлығы 185 командадан 1000-нан астам оқушы қатысты.
Аудандық кезеңдердің жеңімпаздары 170 ІТ-сынып оқушысы облыстың қалалары мен аудандарының 16 командасы үш өлшемді нысандарды модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника бағыттарында жарысты.
Қатысушыларды білім беру, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, қала кәсіпорындарының өкілдері болып табылатын ғылыми дәрежесі бар кәсіби тәуелсіз сарапшылар бағалады.
Жарыс қорытындысы бойынша «3D-модельдеу» номинациясынан 10+ санаты бойынша бірінші орынды Риддер қаласының командасы, ал 14+ санаты бойынша Зайсан ауданының командасы иеленді.
«Бағдарламалау» номинациясынан 10+ санаты бойынша Алтай ауданының оқушылары бірінші орын алды, ал 14+ санаты бойынша «Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» командасы ең мықты атанды.
«Спорттық робототехника» номинациясы бойынша 10+ жас санатында «Сызық бойымен жарыс», «Кегельринг» біліктіліктері бойынша «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» командалары алға шықты.
«Спорттық робототехника» номинациясынан 14+ жас санатында «Кегельринг квадро», «Танк биатлоны» біліктіліктері бойынша Өскемен қаласының командалары жеңімпаз атанды.
10+ жас санатындағы жалпы командалық есепте алынған орындар мынадай:
14+ жас санатындағы жалпы командалық есепте алынған орындар:
Балалар осы жылдың мамыр айында өтетін 11-ші жыл сайынғы «New generation» облыстық IT-фестивалінде бағалы сыйлықтармен, кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды. Барлық балалар сертификат алады.
Жарыс соңында «Skills for geeks» чемпионатының әнұраны шырқалды. Айта кететін жайт оның, авторлары чемпионат қатысушылары болып табылады. Әнұранның «Кто, если не я, кто, если не ты, сделает первый шаг для своей страны» (Мен болмасам кім, сен болмасаң кім, өз елі үшін алғашқы қадамды жасайды) деген сөздері чемпионаттың өзіндік ұранына айналды. Ол облыс деңгейінен тыс айтылуы да әбден мүмкін.