КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС МЕКТЕБІ - 2024 БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

КӨКТЕМГІ ДЕМАЛЫС МЕКТЕБІ - 2024 БАСПАСӨЗ АНОНСЫ

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 26-29 наурызда онлайн және оффлайн форматтарда 3000-ға жуық қатысушыны қамти отырып, педагогтердің көктемгі демалыс мектебін өткізеді.

Мақсаты - педагогтердің білімін  үздіксіз кәсіби дамыту, озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату, біліктілігін арттыру және әдістемелік қолдау.

Демалыс мектебі жұмысының бағдарламасында:

  • «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру;
  • «Үздік педагог-2023» атағы иегерлерінің, «Үздік авторлық бағдарлама-2023» конкурстарының жүлдегерлерінің тәжірибесін тарату;
  • «Мектеп басшылар кадрлар резерві» мектебінің кезекті сессиясы;
  • ҚГБ және ЖМБ пәндері мұғалімдерімен кездесулер, алдыңғы қатарлы пән мұғалімдерінің тәжірибелерімен алмасуы.

Спикерлер – жоғары оқу орнының оқытушылары, «Үздік педагог - 2023»  атағының иегерлері,   «Үздік авторлық бағдарлама-2023», конкурстарының жүлдегерлері, тәжірибелі педагогтер.

Мақсатты аудитория - әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының басшылары, директордың ОЖ және ТЖ жөніндегі орынбасарлары, мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері, психологтар.

 Жұмыс түрлері – кеңес, семинар-практикумдар, оффлайн форматындағы педагогикалық алаңдар, шеберлік сыныптар, онлайн-семинарлар, әдістемелік алаңдар, оқыту сессиясы.

Құрметті ұстаздар!

Көктемгі демалыс мектебінің іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамыз!