«Қазақстан халқына» Қорының «Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы Наурыз мерекесіне орайластырылды

«Қазақстан халқына» Қорының «Жаздық жолдама» қайырымдылық жобасы  Наурыз мерекесіне орайластырылды

Наурыз мейрамын тойлау аясында облыстың барлық аймақтарында «Қазақстан халқына» қорының қайырымдылыққа бағытталған «Жаздық жолдама-2024» жобасы басталды.

«Жаздық жолдама» жобасы жазғы демалыста ауыл мектептерінің
5-8 сыныптарында оқитын, оқуда үздік көрсеткіштерге ие және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысатын орта сынып оқушыларын қолдауға және ынталандыруға бағытталған.

2023 жылы «Жаздық жолдама» жобасының арқасында облыс бойынша 400 бала «Дарын» балалар лагерінде 10 күн демалды.

«Қазақстан халқына» қорының өкілдері ауылдық жерлерден келген балалар мен жасөспірімдерге ғана бағытталған «Жаздық жолдама» жобасы өскелең ұрпақты ынталандыруға және отансүйгіштікті нығайтуға ғана емес, сонымен қатар коммуникация, көп мәдениетті ортадағы қарым-қатынас сияқты өмірлік қажетті дағдыларды нығайтуға, сондай-ақ кәсіптік бағдарлаудың элементіне айналады деп санайды.

«Наурызнаманың» бекітілген онкүндігі аясында 2024 жылғы 14-23 наурыз аралығында әрбір күн жеке тақырыпқа арналады.

2024 жылдың  15-наурыз күні сертификаттарды тапсыру «қайырымдылық» тақырыбына орайластырып, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 184 ауыл мектепке барлығы 689 жолдама-сертификаттар  тапсырылды.      

Жазғы демалысқа жолдама сертификаттарын тапсыру бойынша салтанатты іс-шаралар облысымыздың барлық аудандарында аудан әкімдерінің, ауылдық округ әкімдерінің және білім беру бөлімдері өкілдерінің, сондай-ақ мектеп басшыларының қатысуымен өткізілді.