
2024 жылғы 15 наурызда «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы» КММ «Педагогтердің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасаудағы ерекшеліктері мен кешенді әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті, оған 60-тан астам арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдарының мамандары қатысты.
Тәжірибелік семинарды ұйымдастырушылардың алға қойған негізгі мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларға кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде педагогтер мен мамандардың жүйелі жұмысын көрсету және тарату болды.
ШҚО білім басқармасының басшысы Иннеса Александровна Чернышёва өзінің құттықтау сөзінде Орталықта балаларға түзету көмегін көрсетуде жоғары нәтиже беретін үлкен әдістемелік база мен әзірлемелер жасаған педагогтардың кәсіби командасы жұмыс істейтінін атап өтті.
Қазіргі уақытта оңалту орталығы «БАРЛЫҒЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» ұлттық баяндамасына сәйкес арнайы және инклюзивті білім беру ұйымдары үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен педагогтердің жұмыс тәжірибесін тарату және насихаттау жөніндегі міндеттерді жүзеге асыратын «Құзыреттілік орталығы» ретінде белгіленді.
Семинар-тренинг қатысушылары мен қонақтары оңалту орталығы педагогтерінің шеберлік сабақтары, тренингтер, бинарлық, топтық және жеке сабақтар, квесттер, ертегі терапиясы түрінде өткізілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларымен жұмыс жасаудағы практикалық тәжірибесін көруге мүмкіндік алды. Оңалту орталығының педагогтері және мамандарымен барлығы 15 практикалық сабақ көрсетілді.