«Мейірім» акциясы туралы

«Мейірім» акциясы туралы

«Үміт»  балаларды қолдау орталығында 15 наурыз күні  «Мейірімділік күніне» орай  салтанатты іс-шара өткізіліп, «Мейірім» акциясы аясында жетім балаларды қолдауды қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік келісімшарттарға қол қойылды.

Бұл шара терең мағынаға толы және ұлттық мереке қарсаңында қоғамның ең осал мүшелерінің қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша өзара ынтымақтастық туралы 12 тәрбиеленушіге арналған әлеуметтік келісімшартқа 10 («Bernas» ғылыми білім беру орталығы, Риддер қаласының әкімдігі, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Дарындылық  пен қосымша білім беруді дамытудың  Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын»  орталығы және 5 білім беру ұйым - № 4, 29, 34, 37,38 мектептері.) ұйыммен қол қойылды.