
2020 жылдың 4 маусымында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы жыл сайынғы дәстүрге айналған «Үздік педагог - 2020» республикалық конкурстың облыстық кезеңін өткізді.
«Үздік педагог - 2020» конкурсы жыл сайын педагогтің жеке жетістіктерін қарау ғана емес, облыстық білім жүйесін соның ішінде қала мен аудандары педагогтерінің жетістіктерін бағалау.
Конкурстың негізгі мақсаты мен міндеттері – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мүмкіндіктерді жетілдіре отырып дамыту, дәстүрлі емес педагогикалық идеяларды іздестіретін, кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар педагогтердің кәсібінің мәртебесін арттыру және ынталандыру.
Конкурсқа облысымыздың қалалары мен аудандарынан және облыстық білім беру ұйымдарынан 20 жеңімпаз мұғалімдері қатысты.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жеңімпаздар төмендегідей жүлделі орындармен анықталды:
Бас жүлде – Елюбаев Канат Амангельдыевич, Бородулиха ауданы «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ, тарих және құқық пәнінің мұғалімі.
І орын – Сагатбекова Жанар Каликановна, Семей қаласы «№37 гимназиясы» КММ, математика пәнінің мұғалімі;
ІІ орын – Тлебалдина Назигуль Хауановна, Абай ауданы «Абая атындағы мектеп-лицейі» КММ, математика және информатика пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын – Мельникова Наталья Васильевна, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
ІІІ орын – Травникова Елена Васильевна, Шемонаиха ауданы «И.М. Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі.
Номинация алғандар:
«Педагогикалық дебют» – Болаева Айнұр Қантайқызы, Ұлан ауданы «Р. Марсеков атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;
«Креативті тәсіл үшін» - Кабдрахманова Бакытгүл, Күршім ауданы «Ю. А. Гагарин атындағы орта мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі;
«Ойшыл мұғалім» - Рахметжанова Любовь Канашевна, Жарма ауданының «Абай атындағы көпбейінді мектеп-гимназия» КММ, тарих пәнінің мұғалімі;
«Кәсіби мұғалім» - Зейнелхан Гүлжазира, Өскемен қаласы әкімдігінің «Ш. Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ, физика пәнінің мұғалімі;
«Өз ісіне адал мұғалім» - Горяинова Ольга Владимировна, «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі;
«Инновациялық тәсіл үшін» - Попова Юлия Викторовна, Риддер қаласының «№1 мектеп-лицейі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
«Жаңашыл көзқарасы үшін» - Жаксыбергенова Асем Смаковна, Аягөз ауданы «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі.
Жеңімпаздар: К.А. Елюбаев, Ж.К. Сагатбекова, Н.Х. Тлебалдина, Н.В. Мельникова, Е.В. Травникова республикалық конкурсқа жолдама алды.