
2024 жылғы 14 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы әдістемелік қолдау мақсатында Астана қаласы «ZERDELI» ақыл-ой мектебі өкілдерінің қатысуымен бастауыш сынып және орта буын математика пән мұғалімдеріне форсайт семинар өткізілді.
Семинарды «Алтын сақа», «Алтын түлек», «Алтын тұғыр» олимпиадаларының авторы, ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің төрт мәрте Құрмет грамотасының иегері, Білім беру ісінің құрметті қызметкері, математик ретінде танымал, «Зерделі» мектебінің негізін қалаушы Ырысбек Мәуітұлы мен «ZERDELI» ақыл-ой дамыту орталығының атқарушы диреторы Бәзікей Нұрғали өткізді.
Шарада көрсетілген математикадан олимпиадалық есептерді шешу жолдары мен тапсырмаларды талдау тыңдаушылар үшін әдістемелік жағынан құнды болды. Сонымен қатар олимпиадалық есептерді, логика бойынша тапсырмаларды орындау, олимпиада есептерін шешуге арналған әдебиеттер мен интернет-ресурстарға шолу жасалып, олимпиадаларға дайындық жоспары мен стратегиясы ұсынылды.
Семинар соңында кері байланыс ұйымдастырылды. Қатысушылар іс-шара мазмұнының қанықтылығын, практикалық бағыты мен өзектілігін атап өтті, оқушыларды олимпиадаларға дайындау бойынша өз тәжірибесін дамытудың жаңа тиімді мүмкіндіктерін айқындады.
Аталған іс-шара ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ базасында өтті. Семинарға мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерден 170 педагог қатысты.