Білім беру ұйымдарының көркем еңбек мұғалімдері арасында өтетін «Қолөнер - сырлы өнер» облыстық көрме-байқауы баспасөз хабарламасы

Білім беру ұйымдарының көркем еңбек мұғалімдері арасында өтетін   «Қолөнер - сырлы өнер» облыстық көрме-байқауы баспасөз хабарламасы

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы шығармашылықпен жұмыс істейтін көркем еңбек мұғалімдерін анықтау, көтермелеу және қолдау, оқушылардың халықтық дәстүрлерді, басқа халықтардың шығармашылығын құрметтеуге тәрбиелеу, озық педагогикалық тәжірибені тарату, облыс мектептерінде көркем еңбекті оқытудың сапалы деңгейін арттыру бойынша әдістемелік қолдау мақсатында көркем еңбек пәні мұғалімдері үшін «Қолөнер - сырлы өнер» тақырыбында облыстық Көрме - байқауын өткізеді.

Қатысушылар санаты: көркем еңбек пәнінің мұғалімдері.

Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, «№ 46 орта мектебі» КММ.

Мекен жайы: Көкжал Барақ көшесі, 8/2.

Өткізілетін мерзімі: 2024 ж 28 наурыз, сағ 10.00 - да.

Модератор – Кемельбаева Шынар Увалиолдановна, қоғамдық-гуманитарлық

бағыттағы пәндер әдістемелік бөлімінің әдіскері, байланыс тел: 87014482650