«SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының өткізілу қорытындысы, Глубокое ауданы

«SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының  өткізілу қорытындысы, Глубокое ауданы

14.02.2024 ж. күні оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі Глубокое ауданында онлайн форматта өткізілді. Чемпионатқа 28 команда, 138 оқушы қатысты. Командалар 10+ және 14+ жасерекшеліктері бойынша сайысқа түсті.

Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:

10+ жасерекшелік бойынша:

Сызық бойымен жарыс – Ағызам Нұртілеу («О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ),

Кегельринг – Махсут Елжан Ержанұлы («Б.Момышұлы атындағы ОМ» КММ),

3D модельдеу – Коряко Юлия, Пивненко Влад («Предгорное орта мектебі-балабақша кешені» КММ),

Бағдарламалау – Ананьев Даниил («Черемшанка орта мектебі» КММ), Меканцишвили Артур («Предгорное орта мектебі-балабақша кешені» КММ).

14+ жасерекшелік бойынша:

Танк биатлоны – Кургузов Денис («Предгорное орта мектебі-балабақша кешені» КММ),

Кегельринг квадро – Озатбекұлы Ақжол («О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ),

3D модельдеу – Огнев Кирилл; Сайлаубеков Дарын («№1 Предгорное орта мектебі» КММ),

Бағдарламалау – Петров Илья, Полякова Полина («Верх-Березовка орта мектебі» КММ).