
Шемонаиха ауданында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі робототехника технологиясын игеру және қолдану, бағдарламалау және үш өлшемді компьютерлік модельдеу саласында оқушылардың шығармашылық зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру мақсатында өтті.
Чемпионатқа ауданның 19 мектептен, 80 оқушы қатысты. Оқушылар 10 + және 14 + жас санаттарында бақ сынасты.
Аудандық чемпионат кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:
10+ жасы бойынша:
Сызық бойындағы жарыс - Зобнина Маргарита, «Камышинка жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы кешені» КММ
Кегельринг - Адаричев Артем, «Шәкәрім атындағы №4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
3D модельдеу – Швец Алина, Самойлова Дарья, «Н.А.Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы» КММ
Бағдарламалау - Старожилов Юрий, Смағұлов Тамерлан, «Н. А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы» КММ
14+ жасы бойынша:
Танк биатлоны - Цацулин Глеб, «А.С.Иванов атындағы Выдриха жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ
Кегельринг квадро - Степанов Андрей, «Н. А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы» КММ
3D модельдеу - Москаленко Евгений, «А. С. Иванов атындағы Выдриха жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасы» кешені» КММ, Гладкова Дарья, «Н. А. Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы» КММ
Бағдарламалау - Шипилов Арсений, Коротков Алексей,»Н.А.Островский атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп гимназиясы» КММ