«Skills for geeks» облыстық чемпионатының аудандық кезеңінің қорытындысы, Күршім ауданы

«Skills for geeks» облыстық чемпионатының аудандық кезеңінің қорытындысы, Күршім ауданы

«Күршім ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспары негізінде

Күршім №5 орта мектебінің ғимаратында балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ 3D модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника технологияларын игеру және қолдану бойынша оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында 2024 жылғы 28 ақпанда «10+» және «14+» жас санаттары бойынша «Skills For Geeks» аудандық IT-чемпионаты өтті.

Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып облыстық кезеңге жолдама алған жүлдегерлер:

Спорттық робототехника:

Сызық бойымен жарыс 10+ жас санаты бойынша – Бақытбеков Айдос, «Марқакөл №1 орта мектебі» КММ;

Кегельринг 10+ жас санаты бойынша – Ғалымов Нұрдаулет, «Марқакөл №1 орта мектебі» КММ;

Танк биатлон 14+ жас санаты бойынша –Мұратұлы Азамат, «Марқакөл №1 орта мектебі» КММ;

Кегельринг квадро 14+ жас санаты бойынша – Айжарықов Мәди, «Марқакөл №1 орта мектебі» КММ;

ЗD модельдеу:

10+ жас санаты бойынша – Қалиолдаева Инабат, «Марқакөл №1 орта мектебі» КММ;

ЗD модельдеу 14+ жас санаты бойынша – Жампеисов Айбар, Бақытжан Мансұр,  «№3 Күршім гимназиясы» КММ;

Бағдарламалау:

10+ жас санаты бойынша – Төлепберген Айзере, Болат Тоты, «Қ.Нұрғалиев атындағы гимназиясы» КММ

14+ жас санаты бойынша – Меллетхан Даулет,  «Қалжыр орта мектебі» КММ

Чемпионат қорытындысы бойынша ШҚББ Күршім ауданы бойынша «Марқакөл №1 орта мектебі» КММ командасы жүлделі бірінші орынды иеледі. Облыстық чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!