
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» 2024 жылғы 5-6 наурызында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары арасында «ŞYĞYS ÖRKENІ» аймақтық IT хакатоны өткізілді.
Хакатон мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін аймақ үшін инновациялық шешімдер жасауға тарту, жастардың ақпараттық технологиялар саласында білім алуға қызығушылықтарын арттыру және ІТ-дағдыларын дамыту, жоғары деңгейде IT саласындағы білікті кадрлар қалыптастыру мақсатында өткізілді. Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ЖОО студенттері, мектеп оқушыларының арасынан 33 команда қатысты. Екі күн бойы екі тақырыптық бағыттағы тапсырманы орындады. 14+ жас санатындағы оқушылар есте сақтау, қиял, ойлау және логиканы жаттықтыру үшін пайдаланушылардың хабардарлығы мен белсенділігін арттыру мақсатында экология тақырыбына арналған дамытушылық және зияткерлік ойындар құрды, ал Студенттер психикалық денсаулықты бақылау және кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу үшін жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, IT-шешім қабылдау жүйесін құруы керек болды.
Байқау жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша сарапшылармен келесі жеңімпаздар анықталды:
14+ жас санатындағы оқушылар арасында бас жүлдені Өскемен қаласының «БайтСпирит» командасы иеленді;
Екінші орын Өскемен қаласының «Re-main»» командасына берілді;
Үшінші орынды Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейінің «Error_404.exe» командасы иеленді.
16+ жас санатындағы студенттер арасында бас жүлдені Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Хрустальные замки» командасы ұтты;
Екінші орынды Өскемен жоғары политехникалық колледжінің «Edgerunners» командасы иеленді;
Үшінші орын Шемонаиха ауданы Гуманитарлы-техникалық колледжінің «3Boys1PC» командасына берілді.
«Үздік қосымша немесе сервис» номинациясында Алтай ауданы мектеп-лицейінің «Программишки» командасы иеленді.
Жеңімпаздарды марапаттау 2024 жылдың мамыр айында «New Generation» 11-ші IT-фестивалінде өтеді.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік пен денсаулық тілейміз!!!