«Тарих пәндерін оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді, тәсілдерді және оқыту стратегияларын қолданудың тиімділігі» облыстық әдістемелік онлайн семинар

«Тарих пәндерін оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді, тәсілдерді және оқыту стратегияларын қолданудың тиімділігі» облыстық әдістемелік онлайн семинар

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ жылдық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 6 наурыз күні «Тарих пәндерін оқытуда әртүрлі белсенді әдістерді, тәсілдерді және оқыту стратегияларын қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің «Тарих» пәні мұғалімдерімен қазақ және орыс тілінде онлайн семинар өткізді.

Семинардың мақсаты – білім алушылардың пәндік білімін жетілдіріп, функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ қоюға, өздігінен талдау жасау дағдыларын дамытатын тиімді әдіс-тәсілдерімен тәжірибе бөлісу, әдістемелік көмек беру.

Әдістемелік онлайн семинар барысында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің тарих пәні  мұғалімдері іс - тәжірибелерімен  бөлісті.

Шараға облыстың білім беру ұйымдарының және мамандандырылған білім беру ұйымдарының тарих пәні мұғалімдері, қауымдастық жетекшілері, барлығы 100 адам қатысты.

Шара барысында: 

- ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «М.Шаяхметов атындағы№23 орта мектеп» КММ педагог-зерттеуші Файзрахманов Медет Нигметоллаевич, «Тарих сабақтарында зерттеу компонентін іске асыру»;

- ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Зубовка орта мектебі» КММ  педагог- зерттеуші Никитин Денис Анатольевич, «Музейная педагогика и её образовательные возможности в развитии общекультурной компетентности»;

- ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ педагог-зерттеуші Нуртазин Фархат Муктарканович, «Socrativе платформасында жұмыс жасау ерекшелігі»;

- ШҚО білім басқармасының Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің  «№10 орта мектеп» КММ педагог-модератор Аргимбаев Мансур Эримбекович, «Использование игровых методов через концепцию «Я»  на уроках истории»;              

- ШҚО білім басқармасының Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Сарытерек орта мектебі» КММ педагог-шебер Мейрбаев Мади Канатович, «Тарих сабағында картаны қолданудың тиімділігі» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісіп, нәтижелерімен таныстырды.

Шара соңында жүргізілген рефлексия барысында қатысушылар ұсынылған тәжірибелердің, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіруде қолданылған тиімді әдіс-тәсілдердің практикалық маңыздылығын, тәжірибеде қолдану үшін әдістемелік көмек алғандарын атап өтті.