
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 4 наурызында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.
Олимпиадаға облыстың және мамандандырылған білім беру ұйымдарының 14 педагогы қатысты.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Конкурстық комиссияның шешімі бойынша:
І орын - Әнуарбеков Тынышбек Сұлтанбекұлы, «ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» лицейі» КММ;
ІІ орын - Семенюк Лариса Юрьевна, Алтай ауданы «Октябрь орта мектебі» КММ;
ІІІ орын - Мурзаканова Арай Кабдыловна, Күршім ауданы «Маралды орта мектебі» КММ;
ІІІ орын - Кованова Ирина Николаевна, Өскемен қаласы «Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі» КММ дипломдарымен марапатталды.
Олимпиада жеңімпаздары (төрт педагогтан тұратын команда) ағымдағы жылдың 26-27 наурызында Өскемен қаласында өтетін «Математикалық регата» олимпиадасына республикалық кезеңіне қатысады.