
«Ұлан ауданы бойынша білім бөлімі» ММ жұмыс жоспары негізінде
Р.Мәрсеков атындағы орта мектебінің ұйымдастыруымен балалардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау, дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ үш өлшемді компьютерлік модельдеу, бағдарламалау және спорттық робототехника технологияларын игеру және қолдану бойынша оқушылармен жұмысты жандандыру мақсатында 2024 жылғы 2 наурызда «10+» және «14+» жас санаттары бойынша «Skills For Geeks» аудандық IT-чемпионаты өтті.
Чемпионат қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болып облыстық кезеңге жолдама алған жүлдегерлер:
Спорттық робототехника:
Сызық бойымен жарыс 10+ жас санаты бойынша - Мұратбекұлы Еркебұлан «Бозанбай орта мектебі» КММ;
Кегельринг 10+ жас санаты бойынша - Асқаров Сұлтан «Асубұлақ Орта мектебі» КММ;
Танк биатлон 14+ жас санаты бойынша - Тоқтамысов Мерей «Р.Мәрсеков атындағы ОМ» КММ;
Кегельринг квадро 14+ жас санаты бойынша - Сыдықов Ерасыл «Асубұлақ орта мектебі» КММ;
ЗD Үлгілеу:
10+ жас санаты бойынша - Даулет Асылжан, Есенжол Елдос «Р. Мәрсеков атындағы ОМ» КММ;
ЗD Үлгілеу 14+ жас санаты бойынша - Ерликов Ислам, Тельманов Ерасыл «Р. Мәрсеков атындағы ОМ» КММ;
Бағдарламалау:
10+ жас санаты бойынша - Бидахметов Санжарқожа, Кеңесханова Айназ «Р.Мәрсеков атындағы ОМ» КММ
14+ жас санаты бойынша - Болатов Диас, Гук Илья «Р. Мәрсеков атындағы ОМ» КММ
Чемпионат қорытындысы бойынша ШҚББ Ұлан ауданы бойынша «Р.Марсеков атындағы орта мектебі» КММ командасы жүлделі бірінші орынды иеледі. Облыстық чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тілейміз.