
2024 жылдың 4-15 наурыз аралығында халықаралық зерттеудің негізгі кезеңінде Шығыс Қазақстан облысындағы 17 білім беру ұйымынан 403 мұғалім қатысады. Бұл 7 қалалық мектеп, 10 ауылдық мектептері Глубокое, Катон-Қарағай, Күршім, Ұлан және Шемонаиха аудандары және облыстық математика, физика, информатика салаларында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі.
2024 жылғы 22-23 ақпанда Астана қаласында облыс және мектеп үйлестірушілері үшін «TALIS-2024 негізгі зерттеуін өткізуге дайындық» атты 2- күндік семинар-тренинг өтті, қатысушылар негізгі зерттеуді жүргізу тәртібі, рәсімі және TALIS құралдарымен танысты.
2026 жылы TALIS-2024 бойынша қазақстандық мұғалімдердің нәтижелеріне нақтырақ талдау жасалған ұлттық есеп шығады. Нәтижелер республиканың сегіз макроөңірлері үшін ұсынылатын болады.
Анықтама үшін: Қазақстан TALIS халықаралық зерттеуіне 2018 жылдан бері қатысып келеді. Алынған нәтижелер «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеу кезінде ескерілді. TALIS (Teaching and Learning International Survey) Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының қамқорлығымен әр алты жыл сайын өткізіледі және ең ірі халықаралық сауалнамалардың бірі болып табылады