Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен өткен отырыс қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, білім беру ұйымдары директорларының қатысуымен өткен отырыс қорытындысы

2024 жылдың 1 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарын» дарындылықты және қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығында қосымша білім беру және жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.

Алқаның мақсаты – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру және жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері бойынша ақпараттық, ұйымдастырушылық және әдістемелік қамтамасыз ету.

Алқаға қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің басшылары, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорлары, облыстық арнайы білім беру мекемелерінің директорлары, сауықтыру лагерьлерінің директорлары, қосымша білім беру және жазғы сауықтыру жұмыстарына жетекшілік ететін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларынан құралған 100-ден астам тыңдаушы қатысты.  

Отырыс барысында қосымша білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері, облыстағы қосымша білім беру ұйымдарының тиімді жұмысының проблемалары мен перспективалары, сондай-ақ 2024 жылғы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.