
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 1 наурызында меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Әжем, анам және мен» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда «Аналар мектебі», «Әжелер мектебін» ұйымдастыру және қызметін кеңейту бойынша озат тәжірибені жинақтау және тарату.
Байқау комиссиясының шешімі бойынша номинациялар берілді:
- «Үздік ұйымдастырылған шара» - ШҚО ББ «Күршім ауданы бойынша білім бөлімінің «Күршім ауылының балабақшасы» КМҚК (байқаудың республикалық кезеңіне жолданды);
- «Үздік ұйымдастырылған шара» - ШҚО ББ «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК (байқаудың республикалық кезеңіне жолданды);
- «Үздік аналар мектебі» - ШҚО ББ «Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Балауса-Балғын»бөбекжайы» КМҚК;
- «Үздік әжелер мектебі» - ШҚО ББ «Самар ауданы бойынша білім бөлімінің «Дәншік» бөбекжай – балабақшасы КМҚК»;
- «Өнегелі әже, тәрбиелі немере» - ШҚО ББ «Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Мукарама атындағы мектеп-балабақша кешені» КММ
- «Шебер ана, еңбекқор бала» - ШҚО ББ «Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Өрел ауылындағы «Балдырған» бөбекжайы» КМҚК.
Үздік номинацияларға ие болған балабақшаларға ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының Дипломдары мен қатысушыларға Алғыс хаттар берілді.
Байқаудың ең үздік жеңімпаздарының материалдары байқаудың Республикалық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтай отыра, шығармашылық табыстар тілейміз!