
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е. Көшербаевтың бастамасымен білім басқармасы 2024 жылғы 29 ақпанда бірінші рет Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында білім беру бағытындағы экскурсиялық маршруттардың анықтамалықтарын әзірлеу бойынша «Туристік білім жолы» облыстық конкурсын өткізді. Іс-шара тиімді өтті және жақсы нәтиже берді.
Конкурсқа облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінен жалпы саны 60-тан астам оқушы қатысты.
Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы И.А.Чернышева жиналғандарға құттықтау сөз сөйлеп, мұндай байқаулар өзгелерге үлгі болатын жарқын, дарынды балалардың жаңа есімдерін ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Конкурс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте жүлделі орындарды иеленгендер:
- ІІ орын – Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат командасы;
«Менің кіші Отанымның экскурсиялық маршруттары» номинациясы бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:
- ІІ орын – «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ;
- ІІ орын – Глубокое ауданы, «Малоубинка орта мектебі» КММ;
«Облыстың экскурсиялық маршруттары» номинациясы бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:
Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Конкурс – бұл жарыс, бірақ бұл ең үздіктердің жарысы. Бұл кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашатын бастама.
Байқау жеңімпаздары мен барлық қатысушыларына өздеріне деген сенімділік пен шығармашылық табыс, жоспарланған жобалар мен жаңа жемісті идеялардың жүзеге асуын тілейміз.