«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым»  республикалық челленджі

2024 жылдың 28 ақпанында республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы мен Астана қаласының Білім басқармасының «Тоғыз айға 9 іс-шара» тұжырымдамасын іске асыру бойынша еліміздің оқушыларын кітап оқуға шақыру арқылы оқу белсенділіктерін арттыру мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы «Менің сүйікті кітабым» республикалық челлендж ұйымдастырылды.

Челленджге ҚР 17 облысы және 3 республикалық маңызы бар қалаларының білім басқармалары, әдістемелік орталықтарының өкілдері, мектеп педагогтері мен оқушылары қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлытау облысының Ақселеу Сейдімбектің «Аққыз» шығармасын оқуды ұсынған челленджін қабыл алды. Челленджді тапсыру барысында Шығыс Қазақстаннан Астана қаласына Асқаров Әлібек Асылбайұлының «Қойға шапқан қара аю» шығармасы ұсынылды.

Челлендж соңында ШҚО ББ «Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» КММ 10 сынып оқушысы Идаятов Расул «Қазақтың Қанипасы» атанған Ұлы ұстаз Қанипа Бітібаеваға арнаған өлеңін оқып, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың ризашылығын алды.

Челлендж қорытындысы бойынша 2024 жылдың 29 ақпанында облыстың барлық аудандық, қалалық білім бөлімдеріне хабарланып, барлық білім беру ұйымдарында Ақселеу Сейдімбектің «Аққыз» шығармасын наурыз айы бойы оқу тапсырылды.