«STTA a.s.» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізу туралы

«STTA a.s.» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізу туралы

Білім басқармасы 2020 жылғы 11 маусымда химия, биология және физика пәндері бойынша зертханалық жұмыстарды қалыптастыру бойынша цифрлық контентті әзірлеу мақсатында Словакия Республикасының «STTA a.s.» компаниясының өкілдерімен онлайн кездесу ұйымдастырды.

«STTA a.s.» компаниясының директоры Матуш Холеша EDU VR экожүйесінің бағдарламалық жасақтамасының толық пакетімен таныстырды.

«Edu VR экожүйені пайдалана отырып интерактивті виртуалды сыныптарды құру» тәжірибелік бөлімінде Техникалық директор Томаш Машура «EDU VR қолдану арқылы интерактивті қан алу» виртуалды сабақ үлгісінде оқушылар мен студенттерді виртуалды оқыту теориясы мен тәжірибесінің байланысын көрсетті. Сондай-ақ, Т. Машура бағдарламада виртуалды сыныптар мен интерактивті жаттығуларды қалай жасау керектігін көрсетті.

«STTA a.s.» компаниясының өкілдері біздің елдеріміздің IT технологиялар саласындағы Edu VR платформасын пайдалану бойынша одан әрі ынтымақтастығына сенім білдірді.