«Мың бала» Ұлттық олимпиадасының 2-кезеңі 20 Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қабырғасында *25 маусым – 5-сынып оқушылары үшін, 26 маусым 6-сынып оқушылары үшін* өткізіледі. *Нұр-Сұлтан, Көкшетау, Өскемен ққ. Зияткерлік мектептерде олимпиаданың 2-кезеңі 5 және 6-сынып оқушылары үшін бір күнде – 25 маусым күні* өткізіледі.
Барлық қатысушыларға алдын ала смс-хабарламалары жіберіліп, “Елбасы Академиясы” КҚ-ның байланыс орталығының қызметкерлері қоңырау шалатын болады.
Функционалдық сауаттылық пен абстарктілі-логикалық ойлауды бағалайтын компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша екінші кезеңде 5 және 6-сынып оқушыларынан 1000 бала іріктеледі. Тестілеу тапсырмаларының үлгілері fpp.kz сайтында қолжетімді (ол үшін Жаңалықтар бөліміне немесе «Мың бала» жобасының парақшасындағы Құжаттар бөліміне өтуіңіз керек). *Тестілеуді қайта тапсыру және апелляцияға беру қарастырылмаған.*
Оқушыларды тестілеу нұсқаулыққа берілетін уақытты ескере отырып, Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. *Назарбаев Зияткерлік мектептерінде қатысушыларды тіркеу сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін өтеді. Кешігіп келген оқушылар тестілеуге жіберілмейді.*
Олимпиаданың 1000 жеңімпаз оқушылар тізімі екінші кезең өткен мерзімнен бастап, 14 күннен кейін www.fpp.kz сайтына жарияланады.
Тестілеу процесі ата-аналар мен мүдделі тұлғалардың көруі үшін онлайн-трансляциямен қатар жүргізіледі. Онлайн-трансляция сілтемесі www.fpp.kz сайтына жарияланады.
*НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!*
“Елбасы Академиясы” КҚ барлық ата-аналарды және / немесе басқа заңды өкілдерді ғимараттың кіреберісінде (компьютерлік тестілеу өткізілетін ғимарат) тұмаурату белгілері (құрғақ жөтел, дене қызуының жоғары болуы, тыныс алудың қиындауы, алқыну және с.с.) анықталған қатысушыларды тестілеуге жібермейтінін хабарлайды.
*Қатысушыларды компьютерлік тестілеу өтетін орындарға жеткізу мәселесіне Білім беру басқармаларының атынан жергілікті атқарушы органдар жауапты екеніне назар аударамыз.*