
Бүгін, 2024 жылғы 22 ақпанда Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізіліп, онда баланың өміріндегі кибербуллингпен байланысты проблемалық жағдайлардың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыс, тәрбие мәселелері, атап айтқанда, білім беру мекемелерінде Біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асыру барысы туралы сұрақтар талқыланды.
Отырыс барысында ШҚО Полиция Департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі А.А. Хамитов жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг туралы, ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары А. Ақылбек Комиссия мүшелерін Біртұтас тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Шақырылған қонақ, Аязбаева Ерімбек Мұхатайұлы, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми - практикалық институты» КЕАҚ жетекші маманы Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асырудағы әдістемелік қамтамасыз етуге, Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының қызметіне қатысты мәселелерді жария етті.
Комиссия мүшелері баланың әл-ауқатын қамтамасыз етудегі отбасының рөлін атап өтті. Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құзыреттілін арттыруға, баланың психоэмоционалдық әл-ауқаты үшін ата-ананың жауапкершілігін арттыруға бағытталған қызметер аса назарда болуы тиіс.
Отырыс қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға байланысты мәселелерді шешу кезінде ведомствоаралық өзара іс-қимылды арттыру үшін барлық мүдделі органдарға тапсырмалар берілді.