Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ағымдағы жылғы 19 ақпанда әскери-патриоттық тәрбие деңгейін арттыру мақсатында басқарма басшысы И.А.Чернышёваның  төрағалығымен "ШҚО әскери-патриоттық лагерьді ұйымдастыру" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел отырысына облыс әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы басқармасы, ШҚО спорт және дене тәрбиесі баскармасы, ШҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму баскармасы, ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті, ШҚО полиция департаменті, ШҚО төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ҚР ұлттық гвардиясының "Шығыс" өңірлік командасы, Оқу-ағарту министрлігінің "Әскери техникалық мектебі" Өскемен бөлімшесі, Өскемен гарнизоны, қоғамдық бірлестіктер қатысты.

Аталған іс-шараны өткізу барысында төмендегі мақсаттарға қол жеткізілді:

- патриоттық лагерьдің негізгі бағыттары анықталды;

* әскери-патриоттық лагерьді ұйымдастыру үшін Самар ауданындағы "Балауса" лагері ұсынылды;

- қазіргі заманда патриоттық тәрбиелеуге қатысты сұрақтар анықталып, қаралды,

* Лагерьді материалды- техникалық жарақтандыру сұрақтары қаралды.

Дөңгелек үстел ШҚО  әскери-патриоттық лагерьді ұйымдастыруда актуальды сұрақтарды талқылайтын алаң болды.