«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз»  республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

Жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамытуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімнің кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында  2024 жылдың 15 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» ШҚ өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы  облыстың білім беру ұйымдарының жас ұстаздарының арасында «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Аталған  педагогикалық олимпиадаға Алтай, Глубокое, Зайсан, Катон-Қарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан аудандары, Риддер, Өскемен қаласы, ШҚО ББ «Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» мамандандырылған лицейі» КММ, ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, ШҚО ББ «Дарынды баларға арналған мектеп- лицей – интернаты» КММ, «Облыстық мамандандырылған IT мектеп-лицейі» КММ білім беру ұйымдарының 0-5 жыл еңбек өтілі бар тәлімгер, психолог, педагог қатарынан 20 мұғалім қатысты.

Олимпиада барысында  сайысқа түскен жас ұстаздар заманауи талаптарға сәйкес білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін, өздерінің кәсіби іс-тәжірибелерін, жұмыс жүйесінде қолданып жүрген идеялары мен жобаларын көрсетті.

Облыстық Конкурстық комиссия мүшелері қатысушылардың кәсіби шеберліктерін, заманауи талаптарды игерулерін, коммуникативтіліктері мен мамандығы туралы ойының қалыптасу деңгейлерін бағалады.

Комиссия  шешімі бойынша олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

І орын – Досболов Ықыласжан Набибулаевич, Самар ауданы бойынша білм бөлімінің«Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ, математика пәні мұғалімі;

ІІ орын – Рахымбиұлы Нұртас, Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің «Қаратал орта мектебі» КММ, математика пәні мұғалімі;

ІІ орын – Ринатова Райхан Ринатқызы, Өскемен қаласы білім бөлімінің «№ 49 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, биология пәнінің мұғалімі;

ІІ орын – Мейрамбаев Талант Серікқанұлы, Өскемен қаласы білім бөлімінің «М.Шаяхметов атындағы № 23 орта мектебі» КММ, аға тәлімгер;

ІІІ орын – Баяхметов Ілияс Мейрамгазыұлы, Тарбағатай ауданы бойынша білім бөлімінің «Абай атындағы орта мектебі» КММ, тарих пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – Дарья Алексеевна Калякина, Риддер ауданы бойынша білім бөлімінің «Д.Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын – Фазымова Аяулым Жеңісқызы, Өскемен қаласы білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы №3 орта мектебі» КММ, педагог-психолог;

ІІІ орын –Демьянова Инесса Сергеевна, «Физика, математика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Байқауда ерекшеленген қатысушыларға  аталымдар тағайындалды:

«Шығармашыл ұстаз» аталымы – Жанатова Аяулым Жанатқызы, Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «№1 Белоусовка орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

«Шығармашыл ұстаз»» аталымы – Қабдеш Үміт Әділбекқызы, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «А.Пушкин атындағы орта мектебі» КММ, математика пәнінің мұғалімі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ШҚО білім басқармасының дипломдарымен, аталым грамоталарымен марапатталды, қатысушы сертификаттары табысталды.

Облыстық кезеңнің іріктеуінен өткен 8 қатысушы республикалық олимпиадада Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайды.

Республикалық педагогикалық  олимпиадаға қатысушы жас педагогтерімізге жеңіс тілейміз!