"Skills for geeks" облыстық чемпионатының аудандық кезеңінің қорытындысы, Зайсан ауданы

"Skills for geeks" облыстық чемпионатының аудандық кезеңінің қорытындысы, Зайсан ауданы

15.02.2024 ж. күні оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «SKILLS FOR GEEKS» облыстық чемпионатының аудандық кезеңі Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейінде өткізілді. Чемпионатқа 14 команда, 133 оқушы қатысты. Командалар 10+ және 14+ жасерекшеліктері бойынша сайысқа түсті.

Чемпионаттың аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық чемпионатқа жолдама алған оқушылар:

10+ жасерекшелік бойынша:

Сызық бойымен жарыс – Нуржанов Ерхан, «М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты» КММ

Кегельринг – Нариман Жантөре, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ

3D модельдеу – Еркінов Ернұр, Серіков Алинұр, «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

Бағдарламалау – Тоқтарбаев Али, «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

14+ жасерекшелік бойынша:

Танк биатлоны – Тұрысбеков Айбар, «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ

Кегельринг квадро – Рауанұлы Жантөре, «М.Әуезов атындағы орта мектебі» КММ

3D модельдеу – Аленов Алишер, Айдарұлы Досым, «М.Дәуленов атындағы мектеп-интернаты» КММ

Бағдарламалау – Маукенов Аллаберген, Еңілханов Арсен, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ