«Мектептің даму бағдарламасы туралы» облыстық онлайн-кеңес беру

«Мектептің даму  бағдарламасы  туралы»  облыстық онлайн-кеңес  беру

2024 жылдың   5-7 ақпан күндері ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28  тамыздағы   «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымын және оны әзірлеу қағидаларын бекіту  туралы» № 273 бұйрығы негізінде  қалалық,аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне және  облыстың барлық мектеп директорларына  арналған «Мектептің даму  бағдарламасы  туралы»   онлайн-кеңес  беру ұйымдастырды.

Кеңестің мақсаты - білім беру ұйымдарында Мектепті дамыту бағдарламасының  құрылымын және оны әзірлеу бойынша ұсынымдармен таныстыру, әдістемелік көмек көрсету.

Шара  барысында  Педагогикалық шеберлік орталығының аға тренері Жунусова Фарида Умутжановна және эксперті Жолдаспаева Сапура Альжановна  Мектептің  даму бағдарламасын  әзірлеу  бойынша  әр бөлімге тоқталып, теориялық түсінік беріп,талдау жасады.   

Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Қозыбаева Бұлбұл Жомартовна  мектептің даму бағдарламасын құрастыру кезінде білім саласындағы басым бағыттарын, нысаналы индикаторларға  қолжетімді  көрсеткіштерді  көрсетуін және оны іске  асыру бойынша  іс-шаралар жоспарын тиімді жасауды атап өтті.

 «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының директоры  Коваленко Сергей Николаевич  даму бағдарламасына облыс әкімінің берген тапсырмасы бойынша және   халықаралық  зерттеулер мен әр пәндердің білім сапасы бойынша талдаудың нәтижесінде шаралар жоспарлауға  түсінік берді.  

Директорының орынбасары Сагандыкова Жанна Тулегеновна  «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық  баяндама жобасы негізінде  облыс көлемінде әзірленген  Жол картасымен таныстырды. 

Шара соңында   қатысушылар  қойған сұрақтарына жауап алды, ұйымдастырушылар  мектепті дамыту   бағдарламасын жасау бойынша  ұсыныстар берді.