
2023 жылдың 1 ақпанындаШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «»№39 орта мектеп» КММ базасында «Салауатты тамақтану мектебі» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға Өскемен қаласы мектептерінің әлеуметтік педагогтері, бастауыш мектеп директорларының орынбасарлары мен педагогтері қатысты.
Семинарда Алматы қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығы бөлімінің басшысы,жобаның координаторы Ежова Татьяна Владимировна және оның командасы бағдарламамен таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті. Т.В. Ежова бағдарлама Алматы қалалық білім басқармасының білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақ тамақтану академиясы және Nestle компаниясымен бірлесіп әзірленгенін, сондай-ақ, «Дұрыс тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы «Nestle. Дені сау балалар»жаһандық бастама шеңберінде іске асырылып жатқандығын айтты.
Семинар барысында келесі сұрақтар қаралды:
Қазіргі заманғы мектептің өзекті міндеті ретінде салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;
Бағдарламаның ғылыми-әдіснамалық негіздері;
Бағдарламаның құрылымы және негізгі мазмұндық компоненттері;
Бағдарламаны іске асыру нысандары;
Бағдарламаның сандық платформасы.
Баяндамашылар осы бағдарлама бойынша білім беру бастамалары тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, өйткені дұрыс тамақтану - халықтың барлық топтарының, әсіресе балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын айқындайтын аса маңызды фактор екендігін атап өтті.
Жоба семинарға қатысушыларына үлкен қызығушылық тудырды, тыңдаушылар маңызды әдістемелік қолдау алғандарын айтып, семинарды жүргізушілерге алғыстарын білдірді.