Орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мен мұғалімдердің облыстық қауымдастығының отырысы

Орыс тілінде оқытылатын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мен мұғалімдердің облыстық қауымдастығының отырысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылы 1 ақпан күні орыс тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастық отырысын онлайн форматта өткізді.
Отырысқа 11 ауданның қауымдастық жетекшілері, 3 облыстық мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мен аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. 2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейінде академиялық жыл аяқталған соң оқыту тілі орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан тапсыру мәселесі қарастырылды. Білім алушылардың «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 5-8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша емтиханның тапсырмалар үлгілерін талдау барысында Риддер ауданы бойынша «№ 3 Д. Кунаев атындағы орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдбиеті пәні мұғалімі, педагог-эксперт Казиева Шолпан Далелхановна, 7 сыныпқа дайындалған емтихан тапсырмасын үлгі ретінде көрсетті.
Аралық аттестаттау бойынша емтиханға дайындық жұмыстарын талқылай отыра, әр аудан, қалалық қауымдастық жетекшілері мен әдіскерлердің 5-8, 10-сыныптарда өтетін емтихан тапсырмаларын дайындау жұмыстары бойынша атқарылған іс-шаралары тыңдалды.
Шара соңында аралық аттесттауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыным берілді.