ШҚО әкімі Е. Көшербаевтың Өскемен көпсалалы технологиялық колледжіне ресми сапары бойынша ақпарат

ШҚО әкімі Е. Көшербаевтың Өскемен көпсалалы технологиялық колледжіне ресми сапары бойынша ақпарат

Бүгін, 2024 жылдың 1 ақпанында ШҚО әкімі Е. Көшербаевтың Өскемен көпсалалы технологиялық колледжіне ресми сапары өтті. Сапар аясында облыс әкімі техникалық жарақтандырумен, Құзыреттілік орталығының электр монтаждау, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика, слесарлық-механикалық, газ-электр дәнекерлеу шеберханаларымен, даяшылар зертханасымен және колледждегі оқу үрдісімен танысты.

Колледж директорының айтуынша, мұнда 600-ден астам студент білім алуда, олардың арасында болашақ электр монтажшылары, наубайшылар, кондитерлер, т. б. бар.

Сондай-ақ, облыс әкімі теориялық оқыту кабинеттеріне барып, студенттермен әңгімелесті. Студенттер сабақтың қалай өтетіні туралы айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Оқытушылар оқу орнының жетістіктерімен бөлісіп, студенттерінің беделді WorldSkills чемпионатында медальдар жеңіп алғанын айтты. Колледжде оқу үрдісін одан әрі дамыту бойынша сұрақтар мен ұсыныстар талқыланды.

Әкім өңірдің жетекші кәсіпорындарында студенттерді дуальды оқытумен қамтамасыз ете отырып, тағылымдамадан өткізіп, одан әрі жұмысқа орналастыруды жалғастыруды, сондай-ақ Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Лу Бань шеберханасымен ынтымақтастықты ұйымдастыруды ұсынды.