Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Аягөз ауданы педагогтарының жұмыс тәжірибесін ұсынады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы Аягөз ауданы педагогтарының жұмыс тәжірибесін ұсынады

Абайдың 175 жылдығына орай Аягөз ауданының мектептері мен мектепке дейінгі мекемелері ұлы ойшыл, ақын, қоғам қайраткері мұрасын насихаттау бойынша үлкен жұмыстар атқаруда.

5-11 сыныптарда «Абайтану» курсын енгізу, оқыту, ғылыми-практикалық әдістемелік семинарлар; облыстық «Абайтану кабинеті» байқауында үздік деп танылған кабинеттерді оқу материалдарымен, мұражай экспонаттарымен және қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықтау – осының барлығы білім беру саласындағы жүйелі қызметтің, Абай тұлғасына, өмірі мен шығармашылығына деген құрмет арқылы саналы патриотизмнің көрсеткіштері болмақ.

Осы бірлескен жұмыстың нәтижесі оқушылардың жетістіктері болып табылады – олар ұлы ойшылдың мерейтойына арналған түрлі деңгейдегі конкурстар мен іс-шараларда тамаша нәтижелер көрсетуде.

Сонымен қатар, оқушылар мен педагогтар үшін Жидебайға экскурсиялар ұйымдастырылып тұрады.