
ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 25 қаңтарда ауылдық мектеп директорларына, мектеп директорларының орынбасарларына арналған «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында «Қазіргі білім беру және басқару» тақырыбында облыстық онлайн-вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты – білім беру ұйымындағы басшы кадрлардың мектеп басқарудағы жұмыс мазмұнын жаңғырту және олардың үздіксіз білім беру үдерісіндегі кәсіби шеберлігін арттыру.
Шара барысында спикерлер орта білім беру ұйымдарын басқаруға инновациялық көзқарас, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, мектептің педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтеруге жағдай жасау барысы бойынша тірек мектеп басшылары:
Жобаға қатысушы тірек мектептер серіктестік мектептермен бірлесіп жасап жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Вебинарға ауылдық және шағын жинақты мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары барлығы 100 адам қатысты. Іс-шара қатысушылары аталған семинардың маңыздылығын, өзектілігін және практикалық пайдалылығын атап өтті.