Қызылшаның алдын алу бойынша жұмыс кеңесін өткізу туралы

Қызылшаның алдын алу бойынша жұмыс кеңесін өткізу туралы

Бүгін 2024 жылғы 26 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласының мемлекеттік мектептері мен колледждерінің директорларымен қызылшаның алдын алу бойынша кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы және ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері қатысты.

ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары С.Е. Слямгазина кеңеске қатысушыларды облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды және аурудың алдын алу шаралары туралы түсіндірме берді.

Директорлар қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу жұмыстарын күшейту туралы, сондай-ақ ата-аналармен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша сұрақтарға жауап алды.