Шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың облыстық турнирінің қорытындысы

Шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық Арнайы Олимпиаданың облыстық турнирінің қорытындысы

2024 жылдың 19 қаңтарында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің базасында шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық арнайы олимпиаданың облыстық турниры өтті.

Турнирдың мақсаты: арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау; зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру.

Турнирге Өскемен және Риддер қалаларының медициналық-әлеуметтік мекемелерінің және арнайы мектептердің командалары қатысты.

Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізілді.

Турнирдың қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді:

Қыздар арасында:

І орын – Васильева Ксения, Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №2 команда;

ІІ орын – Булгакова Анжела, Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №1 команда;

ІІІ орын –  Нуржанова Балжан, Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №2 команда.

Ұлдар арасында:

І орын – Малыхин Павел, Өскемен қаласының «Жасөспірімдер үйі» КММ ;

ІІ орын – Мирофанов Данил, Өскемен қаласының «Жасөспірімдер үйі» КММ ;

ІІІ орын – Адаричев Николай, Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №1 команда.

Эстафетада:

І орын – Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №2 команда;

ІІ орын – Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №1 команда;

ІІІ орын – Өскемен қаласының «Жасөспірімдер үйі» КММ;

ІІІ орын – Өскемен қаласының «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ.

Жалпыкомандалық есепте:

І орын – Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №2 команда;

ІІ орын – Өскемен қаласының «Жасөспірімдер үйі» КММ;

ІІ орын – Риддер қаласының «№7 арнайы мектеп-интернат» КММ, №1 команда;

ІІІ орын – Өскемен қаласының «№8 арнайы мектеп-интернат» КММ.

І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!