
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 11.00-де «Жұлдыз» балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп «Сүйемін сені, менің туған өлкем!» ұлы халық суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушы Ә. Қастеевтің 120 жылдығына арналған сабақ өткізуді жоспарлап отыр.
Бұл іс-шараның мақсаты – ұлы суретшінің шығармашылығына қатысты ақпараттық өрісті кеңейту, қатысушыларды «Имитация-Оммаж» белсенді қиялының арт-техникасымен, мектеп оқушылары ұлы суретшінің әйгілі картиналары негізінде орындаған сәндік-қолданбалы композициялар мысалдарымен таныстыру.