«Демонстрациялық емтиханды өткізудің әдістемесі» тақырыбындағы облыстық практикалық семинар

«Демонстрациялық емтиханды өткізудің әдістемесі» тақырыбындағы облыстық практикалық семинар

2024 жылы 17 қантарында ШҚО Кәсіптік білім беру орталығының жылдық жоспарына сәйкес Өскемен жоғары политехникалық колледжі базасында «Демонстрациялық емтиханды өткізудің әдістемесі» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізілді. Семинарға техникалық және технологиялық бағыттарда жұмыс жасайтын облыс колледждері директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинардың мақсаты -  демонстрациялық емтихандардың өткізу тәртібі және тапсырмаларды құрастыру әдістемесін зерделеу.

Демонстрациялық емтихан - ұйымдардың оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізілетін білім алушыға игерілген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны.

Семинар жұмысы барысында қатысушылар Құзыреттілік орталығы базасында өткізілген шеберлік-сыныптарға қатысып, дөңгелек үстел барысында демонстрациялық емтихан өткізудің ерекшеліктері, демонстрациялық емтиханға тапсырманы құрастыру әдістемесі, тапсырманы сараптау туралы озық тәжірибелермен алмасты.

Бүгінгі таңда облыстағы техникалық және технологиялық бағытта білім беретін 15 оқу орынның 13-інде демонстрациялық емтихандар өткізілуде.  2025 жылға дейін осы бағыттағы барлық 15 оқу орнындағы студенттерді демонстрациялық емтихандармен толық қамтамасыз ету жоспарлануда.