Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту қазақ тілінде) қауымдастығы отырысының баспасөз хабарламасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері (оқыту қазақ тілінде)  қауымдастығы отырысының  баспасөз хабарламасы

ШҚО білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру  және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ қауымдастықтың жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қауымдастығының №2 отырысын 2024 жылдың  22 қаңтар күні өткізеді.                 

Отырыстың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда заманауи әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдану жолдары.

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Глубокое ауданы бойынша білім бөлімінің «О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ,  Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №9  орта мектебі» КММ, Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М.Таенов атындағы негізгі мектебі» КММ, Алтай ауданы бойынша «Алтай қаласының Сағадат Нұрмағамбетов атындағы орта мектебі»  КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімдері «lesson Study» әдісі, оқытудың заманауи, тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру жолдарындағы өзіндік іс-тәжірибелерін ұсынады.

Өтетін мерзімі: 2024 жыл 22 қаңтар

Уақыты: сағат 10.00. Онлайн форматта

Жауапты – ҚГБ пәндер әдістемелік бөлімінің әдіскері А.Ж.Билялова, 87055014271