Облыстық онлайн семинар-практикум «Экономикалық мамандықтар үшін білім беру бағдарламаларын жасау ерекшеліктері»

Облыстық онлайн семинар-практикум  «Экономикалық мамандықтар үшін білім беру бағдарламаларын жасау ерекшеліктері»

2024 жылғы 9 қаңтарда ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Өскемен экономика және қаржы колледжімен бірлесіп «Экономикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жасау ерекшеліктері» тақырыбында облыстық онлайн семинар-практикумы өткізілді.

Мақсаты - экономикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын құрастырудағы тәжірибені тарату.

Семинарға колледж директорларының оқу және оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сембина Шырайлым Кайратқызы «Есеп және аудит» мамандығы «бухгалтер-кассир» біліктілігі бойынша оқу бағдарламасындағы жалпы пәндер, базалық модульдер туралы айтып өтті.

Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Умутбаева Жанар Дүйсенханқызы дуальды оқыту ережелерін сақтай отырып, кәсіби модульдер бойынша сағат санын бөлуді түсіндіріп көрсетті (практика бойынша 60%).

Семинар соңында кері байланыс барысында спикерлер қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді.