
2020 жылдың 3-4 маусымында Шығыс Қазақстан облысының барлық орта білім беру ұйымдарында 11-сыныптарға арналған қорытынды мектеп бітіру іс-шаралары өтті.
Біздің облысымызда 8204 оқушы биыл өз өмірінің жаңа кезеңінің табалдырығын аттады. Оның ішінде 746 оқушы – «Алтын белгі», 447 оқушы – үздік аттестат иегерлері.
Аттестатты тапсыру – әр түлектің өмірінде үлкен өмірге қадам басудағы маңызды оқиға.
Шектеулі контингенті бар мектеп қабырғасында түлектердің, педагогтар мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін соңғы қоңырау мерекесі және аттестаттарды салтанатты түрде тапсыру біріктіріліп бір күнде өткізілді.
Санитарлық-гигиеналық шектеулер мен бітіру іс-шарасын өткізудің ұсынылған регламентін қамтамасыз ету үшін облыстың барлық білім беру ұйымдарында бітіру іс-шаралары «Birgemiz: ТҮЛЕК-2020» тұжырымдамасына сәйкес әр сыныпта жеке өткізіліп, түлектерге аттестаттар табыс етілді.