
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2024 жылдың 5 қаңтарында Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» КММ базасында математика пәні бойынша бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын жетілдіру. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуеті мен педагогикалық шеберлігін дамыту, мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.
Олимпиадаға аудандық, қалалық және облыстық мектептердің 134 бастауыш сынып мұғалімдері математика пәні бойынша тест, логикалық тапсырмаларды орындап, білімдерін сынады.
Математикалық олимпиада ережесіне сәйкес 3 бөлімнен тұратын тапсырмаларды орындауға 1,5 сағат берілді.
Олимпиада тапсырмаларының орындалу қорытындысы бойынша әділқазы алқасы шешім қабылдап, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, грамоталар және барлық қатысушыларға сертификат табыстады.
Шара аясында «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің маманы Нурсеитов Абзал Айдолдаұлы мұғалімдерге математика пәні бойынша есептің шығару жолдарын көрсетіп түсіндірді.
Республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасына жолдама алып, І орын иегері болған бастауыш сынып мұғалімдері :
Жүлдегерлерге сәттілік, шығармашылық табыс және Республикалық додада жеңіс тілейміз!
Олимпиада мұғалімдерге жаңа талпыныс берді. Болашақта осындай форматта іс-шаралардың өтілуіне ұсыныстар жасалды.