Бүгін 2024 жылғы 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Өскемен қаласының мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларының меңгерушілері мен медицина қызметкерлеріне қызылшаның алдын алу бойынша кеңес өткізді.
Кеңес жұмысына ШҚО білім басқармасының басшысы И.А. Чернышева, ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Х. Жигитаев, ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қ.А. Турдиев, Өскемен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Т. Базарханова, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы С.Б. Алагузова қатысты.
Кеңес барысында ШҚО СЭБД басшысының орынбасары С.Е. Слямгазина кеңеске қатысушыларды облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды, сондай-ақ аурудың салдары мен алдын алу шаралары туралы толық түсіндірме берді.
Директорлар мен медицина қызметкерлері балаларды қызылшаға қарсы профилактикалық егулермен қамтудың оңтайлы деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ аурудың алдын алуда иммундаудың маңыздылығы бойынша тәрбиеленушілердің ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту бойынша сұрақтарға жауап алды.