
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 27 - 30 мамыр күндері аралығында Iggamecenter.com ойын платформасында, онлайн режимде 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Тоғызқұмалақтан онлайн турнирін ұйымдастырды.
Онлайн турнирдің мақсаты мен міндеті:
а) Ұлттық ойын тоғызқұмалақты жастар арасында насихаттау;
б) Тоғызқұмалақшылардың шеберліктерін шыңдау;
в) Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Онлайн режимде тоғызқұмалақ бойынша облыстық турнирге 114 оқушы қатысты.
Жарыстың қорытындысы бойынша:
2003-2006 ж.т. ұлдар арасында:
І орын – Алиханов Нұркен (Тарбағатай ауданы, К. Нұрбаев ат. ОМ )
ІІ орын - Темержанов Ернат (Жарма ауданы, Жаңғызтөбе ОМ балабақша кешені)
ІІІ орын – Зейнекен Қайсар (Үржар ауданы, Сейфуллин ат. мектеп-бақша)
ІІІ орын – Бауыржанұлы Гарифолла (Аягөз ауданы, №3 ОМ)
2003-2006 ж.т. қыздар арасында:
І орын – Садыканова Жиһаз (Үржар ауданы, Жарбұлақ ОМ)
ІІ орын – Баймолда Ақжан (Үржар ауданы, Жарбұлақ ОМ)
ІІІ орын – Жаканова Аружан (Зайсан ауданы, Көгедай ОМ)
ІІІ орын – Әлемқызы Әмина (Абай ауданы, Қарауыл гимназиясы)
2007 ж.т. және одан кіші ұлдар арасында:
І орын – Болатұлы Байтақ (Күршім ауданы, №1 Марқакөл ОМ)
ІІ орын – Досан Еркебұлан (Семей қаласы, Экономикалық лицей)
ІІІ орын – Сапарбеков Ерболат (Семей қаласы, №18 ОМ)
ІІІ орын – Оралқанов Бағнұр (Семей қаласы, Білім-Иновация лицейі)
2007 ж.т. және одан кіші қыздар арасында:
І орын – Алиханова Нұрай (Тарбағатай ауданы, К. Нұрбаев ат. ОМ)
ІІ орын – Серікқалиқызы Әдемі (Тарбағатай ауданы, К. Нұрбаев ат. ОМ)
ІІІ орын – Рахымбекова Айша (Өскемен қаласы, №35 ОМ)
ІІІ орын – Асемханова Малика (Семей қаласы, Экономикалық лицей)
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтаймыз!