5-11 сынып оқушылары арасындағы «Ұлы Абай» атты облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысы

5-11 сынып оқушылары арасындағы «Ұлы Абай» атты облыстық бейнероликтер байқауының қорытындысы

Абай Құнанбаев - қазақ әдебиетін дамытудың жаңа жолдарын ашқан ұлы ақын. Абай шығармашылығы қазақ халқының рухани, шығармашылық күштерін, даналығын, еркіндігін, патриотизмін іске асыру болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттайтын оның шығармалары бүкіл халықаралық қоғамдастыққа тиесілі және біздің мәдениетіміздің бір бөлігі болып табылады.

Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығымен Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында 2020 жылдың 3 ақпанынан 30 мамыр аралығында 5-11 сынып оқушылары арасында «Ұлы Абай» атты облыстық бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.

Ұйымдастыру комитетініне барлығы - 201 өтінім қабылданып, оның ішінде 145 конкурстық жұмыс ережеге сәйкес әділ қазылармен бағаланды.

Байқау жұмыстары келесі критерийлер бойынша бағаланды: тақырыпқа сәйкестігі, ақпараттық толтырылуы, ұсынылған материалдың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі, сценарий, идея, материалды ұсынуы, жасампаздық, актерлік шеберлік, дыбыстық сүйемелдеудің болуы, бейнеқұбылыс пен шығармашылық жаңашылдық.

Конкурстық жұмыстарды бағалау нәтижелері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

Бірінші орын – Жарма ауданы, Қалбатау ауылының «Георгиевка орта мектебі» КММ-ның шығармашылық тобы;

Екінші орын – Жарма ауданы, Үшбиік ауылының «Ақтайлақ би атындағы орта мектеп» КММ-ның шығармашылық тобы,;

Үшінші орын – Үржар ауданы, Үржар ауылының «І. Жансүгіров атындағы орта мектеп» КММ-ның 5-сынып оқушылары.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге шығармашылық табыс тілейміз!