
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылғы 29 желтоқсанда Астана қаласында «Астана Опера» театрында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Жаңа жыл Республика төрінде» жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді.
Жаңа жылдық мерекенің мақсаты - қысқы каникул кезеңінде үздік оқушылар үшін мерекелік демалысты қамтамасыз ету және қуаныш пен көңілді қайталанбас естеліктер сыйлау.
Шығыс Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршаға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатарынан 5 үздік оқушы қатысты.
Шыршаның жас қатысушылары үшін 27-29 желтоқсан аралығында елорданың көрікті жерлерін аралай отырып, балалардың елордада болуының экскурсиялық және мәдени-ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шыршадағы балаларды Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы құттықтап, мемлекеттің басты миссиясы –әрбір жас қазақстандықтың әл-ауқатына қамқорлық жасау екенін атап өтіп, балаларға жаңа жылдық көңіл-күй мен жақсы оқу тіледі.
Әрбір қатысушы Жаңа жылдық сыйлықтар ретінд Қазақстан Республикасы Президентінің атынан құттықтау картасын, рюкзак, сыйлық кітабын, оқуға арналған планшетті және тәтті сыйлық-кулек алды.