Жаңа жыл қарсаңында!

Жаңа жыл қарсаңында!

Жыл сайын балаларға өткізілетін  Жаңа жыл - ертегідегідей түрлі ғажайыптар орын алып, армандар орындалатын мейрам.

Мереке қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Беделбайұлы Көшербаев пен білім басқармасының басшысы Иннеса Александровна Чернышёва «Үміт» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы мен Отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барды.

Балалар қонақтарды қуана қарсы алды, тақпақтары мен әндерін айтып, шыршаның айналасында көңілді билер орындап, ертегі әлеміне еніп кетті. Атмосфера жағымды, көңіл-күй мен шатыққа бөленіп, жарқыраған ойыншықтар  
іс-шараға ерекше қуаныш сыйлады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі, демеушілер мен мейірімді достар атынан қамқорлықтың белгісі ретінде балаларға тәттілер мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Баршаңызды келе жатқан мерекемен құттықтаймыз және зор денсаулық, амандық пен өркендеу тілейміз!