Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру туралы

Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру туралы

Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында қыркүйек айынан бастап облыстық семинарлар мен вебинарлар челленджі іске қосылды. 2023 жылғы 19 желтоқсанда челленджді дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені қабылдады және облыстық деңгейде бастауыш сынып оқушыларының зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту шарты ретінде «Балалар университеті» жобасы тақырыбындағы өзінің үздік тәжірибесін жинақтады.

Бірегей тәжірибені педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінің директоры Ахаева Наталья Васильевна және директордың орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты, академик Стеблецова Ирина Станиславовна ұсынды.

Айта кетейік, бұл оқу орнында ғылымды практикамен ықпалдастыру жүзеге асырылады, инновациялық білім беру жобалары, сондай-ақ денсаулық сақтайтын білім беру кеңістігі жағдайында зияткерлік және шығармашылық дарындылықты дамыту бойынша эксперименттік қызмет іске асырылады.

Вебинарға 100-ден астам педагог (директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері) үлкен қызығушылықпен қатысты.

Семинардың практикалық маңызы болды, «Балалар университеті» жобасының авторлары аталған жобаны жобалық-эксперименттік қызметтің призмасы арқылы қатысушыларды мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасына баса назар аудара отырып, тәрбие процесін құру жүйесімен таныстырды, онда ұлттық мүдделер, ар-ождан, алғыс, жауаптылық, ұмтылыс сияқты құндылықтар көрініс табады.

Облыстың барлық оқу орындарында жоғары деңгейде біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары ашылғанын атап өтемін.