Тәуелсіздік күні қарсаңында мемлекет басшысының оқушылардың білім алуына жайлы жағдай жасау бойынша тапсырмасын орындау шеңберінде Тарбағатай ауданының Шеңгелді ауылында талаптарға сәйкес келмейтін мектеп ғимаратының орнына салынған 100 орындық мектептің салтанатты ашылуы өтті.
Енді мектеп кабинеттері кең, өте жайлы асхана және кітапхана, заманауи спорт залы бар!