Арнайы мектептерге-ерекше қамқорлық пен қолдау

Арнайы мектептерге-ерекше қамқорлық пен қолдау

Шығыс Қазақстан облысының арнайы мектептерінде оқушылардың білім алуына жағдай жасалған. Балаларға қолайлы ортаны және оқу-материалдық қорды жақсарту мақсатына бағытталған.

2022-2023 оқу жылында «Қазақстан Халқына» Қоры алты арнайы мектеп –интернатты жалпы сомасы 193 млн 902 754 теңге сомасына заманауи, түзету-дамыту құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Алтай қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернатында информатика кабинеті және кәсіби еңбекке баулу бойынша шеберханаларын жалпы сомасы 18 млн 666 000 теңгеге жабдықтады.

Мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балаларды сауықтыру, оқыту және тәрбиелеуде оларға қолжетімді орта, оқу-материалдық жабдықтау жағдайын жақсаруда жергілікті атқарушы органдар көп іс-шаралар атқаруда.

2023 жылғы 15 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында мектеп шеберханаларына күрделі жөндеу жүргізілді. ШҚО білім басқармасы облыстық бюджеттен жөндеуге жқмыстарына қаражат бөлді. Жөндеу жұмыстарын «Строй Дом Сервис» ЖШС мердігерлігі жүргізді.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейінгі шеберханалардың көрінісі.