
Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің бас сарапшысы А.А. Карбаевамен бірлесіп, 2020 жылғы 27 мамырда облыс мектептерінің Ұлттық білім беру деректер қорының көрсеткіштерін сапалы толтыру бойынша онлайн оқыту семинарын өткізді.
Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Білім және ғылым министрлігі «ҰББДҚ» АЖ-дың «Контингент», «Қызметкерлер», МТҚ бөлімдеріне жаңа көрсеткіштер қосты.
Семинарға қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, облыстық мамандандырылған, арнайы мектептердің деректер қорын толтыруға жауапты барлық мамандары қатысты. Семинарда ҰББДҚ-ны толтыру кезіндегі қателерді жою бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, тізілімдер конструкторының мүмкіндіктері қарастырылды.