
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен 2020 жылғы 1-12 маусым аралығында өңірлерде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанының «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өткізілетіндігін хабарлайды.
Ақпараттық науқан мақсаты: бала еңбегін пайдалану проблемасына қоғамның назарын аудару.
Ақпараттық науқан міндеттері:облыста бала еңбегі проблемаларын БАҚ-нда жариялау үшін журналистерді тарту; бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттылығын арттыру.
Ақпараттық науқанның мақсатты тобы: ата-аналар (заңды өкілдер), балалар, мемлекеттік құрылымдардың, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары.
Ақпараттық науқан қатысушылары:облыстық ішкі істер Департаменті, білім, ішкі саясат, еңбек және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармалары, бұқаралық ақпарат құралдары.
Күтілетін нәтижелер: қоғамның балалардың құқықтары туралы, сондай-ақ бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тап болған жағдайда балаларға көмек көрсету түрлері туралы ақпараттылық деңгейін арттыру; балалардың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша қызметке ата-аналарды, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды қатыстыруды жандандыру.
Науқанды өткізу аясында: бала еңбегін жою мәселесі жөнінде әдістемелік, нормативтік құқықтық әдебиеттерінің көрмесін; өмірдің қиын жағдайына ұшыраған балалар мен отбасыларға «Қызу желі» қызметінің жұмысын; жастар ұйымдары, ата-ана қауымы қатыстырылған «Отбасыда зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше» кең ауқымды рейдтік шараларын; мемлекеттік, құқық қорғау құрылымдары, үкіметтік емес ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдары арасында бала еңбегінің ең нашар түрлеріне балаларды тартуды болдырмау туралы меморандумдар мен келісімдер жасасуын; адам саудасының, балаларды жыныстық, еңбек қанауына тартудың алдын алу бойынша оқушылар, ата-аналар және педагогика қауымдастығы арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуін;бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемасы бойынша семинарлар, семинар-тренингтерін; «Бала еңбегі тоқтатылсын!» тақырыбында флеш-мобтарын, балалар дебат турнирлерін, пікір-талас алаңдарын, аутрич-науқандарын; кинотеатрларда фильмдердің қайырымдылық көрсетілімдерін өткізу жоспарланған.